Асқар Мамин транзитті, электронды, туристік визаларды тоқтатуды тапсырды

1111

Коронавирустың алдын алу бойынша министрліктерге міндет жүктелді. 

Асқар Мамин транзитті, электронды, туристік визаларды тоқтатуды тапсырды Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин әлемнің 50-ден астам еліне тарап кеткен коронавирус инфекциясынан Қазақстан халқын қорғау үшін денсаулық сақтау және сыртқы істер министрліктеріне тапсырма берді.  

"Денсаулық сақтау министрлігі барлық мемлекеттік шекаралық өткізу пунктерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтіп, әзірленген іс-қимыл алгоритмін іске асыруға дайын болуын қамтамасыз етсін! Сыртқы істер министрлігі бұған дейін жоспарланған ірі халықаралық шараларды ауыстыру бойынша ұсыныс енгізсін! Коронавирус инфекциясы таралған елдер үшін транзитті, электронды, туристік визаларды тоқтату қажет!", – деді үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу