Асқар Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты

1027

Премьер-министр 630 төсек-орынға шақталған көпсалалы облыстық аурухана құрылысы жүргізілетін жерге капсула салды.

Асқар Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты

Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz. 

 "Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Биыл 4-5 қараша күндері Елбасының қатысуымен Түркістанда бірқатар салынған нысандар ашылды. Келесі жылдың күзінде мұнда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді. Осыған байланысты біз қажетті нысандардың құрылысының толық аяқталуын қамтамасыз етуіміз керек", – деді Асқар Мамин кеңес.

Премьер-министр 630 төсек-орынға шақталған көпсалалы облыстық аурухана құрылысы жүргізілетін жерге капсула салды.

Жобаны 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында "YDA Holding" түрік инвесторы жүзеге асыратын болады. Нысанның құны – 100  млрд теңгеге жуық, 350 дәрігерді қоса алғанда, медицина персоналы үшін 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.  

Үкімет басшысы, сонымен қатар, "Sembol construction" түрік компаниясы салатын, құны 39 млрд теңгеге жуық болатын "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешен құрылысын іске қосты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу