Асқар Мамин Түркістан қаласындағы әуежай құрылысының іргетасын қалады

703

Жаңа терминал халықаралық және ішкі рейстерде сағатына 250-ден астам жолаушыға қызмет көрсетуге арналған.

Асқар Мамин Түркістан қаласындағы әуежай құрылысының іргетасын қалады

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістандағы халықаралық әуежайдың құрылысының капсуласын салды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Халықаралық терминалды "YDA" АҚ түрік құрылыс компаниясы салады. Жаңа терминал халықаралық және ішкі рейстерде сағатына 250-ден астам жолаушыға қызмет көрсетуге арналған.

Түркістандағы жаңа әуежайдың құрылысы түрік инвесторлары тарапынан жүзеге асырылатын болады. Әуежай ғимараты облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта, 900 гектар жерде орналасқан. Оны іске қосудың жоспарланған мерзімі — 2020 жылғы желтоқсан айы.

Құрылысқа ең үздік қазақстандық және шетелдік мамандар тартылып, құрылыстағы соңғы жетістіктер пайдаланылатын болады.

Орын таңдау кезінде көптеген факторлар: желдің бағыты, тарихи және археологиялық ескерткіштердің жоқтығы және биік кедергілер ескерілді. Ұсынылған 8 жер учаскесінің ішінен барлық жағынан қолайлылығы таңдалынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу