Асқар Мамин Түрікменстанға барды

1477

Иран Президенті Сейед Эбрагим Раиси мен Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 15-ші саммитіне қатысу үшін Ашхабадқа келді, деп хабарлады Түркіменстан СІМ сайты. 

Асқар Мамин Түрікменстанға барды

Иранның Mehr News агенттігінің хабарлауынша, Раисидің Түрікменстанға сапары екіжақты аймақтық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту төңірегінде болмақ.

Раиси келіссөздер күн тәртібінде газ бен транзит мәселелері қаралатынын айтты.

Иран басшысы саммит шеңберінде қатысушы елдердің басшыларымен жеке кездесулер өткізетінін, сондай-ақ Түрікменстанның президенті және жоғары лауазымды шенеуніктерімен де жеке кездесетінін мәлімдеді.

Өз кезегінде, Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен екіжақты қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы Түрікмен-Қазақстан қатынастарын одан әрі дамытудың басым мәселелерін талқылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу