Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

1625

Премьер-министр Ақтөбе ферроқорытпалар зауытына, "Қазхром" ТҰК" АҚ бөлімшесіне барды. 

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлерінің бірі Ақтөбе облысында болып қайтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жұмыс сапары аясында үкімет басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың ел өңірлерінің экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарады.  

Облыс орталығында премьер-министр Ақтөбе ферроқорытпалар зауытына, хром кендерінің сапасы жөнінен әлемдегі ең ірі және қорытпаларды өндіру және жеткізу бойынша екінші орындағы "Қазхром" ТҰК" АҚ бөлімшесіне барды. Ақтөбе қаласындағы зауыт жыл сайын 440 мыңға жуық тонна өнім шығарады. Асқар Мамин цехтың металдарды байыту және өндіру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Хромтау қаласындағы "Восход" кен орнындағы жылына 1 млн тонна кен өндіретін тау-кен байыту кешеніне барды.

ҚР премьер-министріне 2019 жылдың басынан бері Ақтөбе облысындағы өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 1 трлн теңгеден асып, 4,9%-ға артқаны туралы баяндалды, соның ішінде хром кенін өндіру 5,7%-ға ұлғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу