Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып қайтты

752

ҚР премьер-министрі өңірдің индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты. 

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып қайтты

Жұмыс сапары барысында машина жасау саласын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Қостанай қаласында жаңа Индустриялық аймағының аумағында құрылыстың алғашқы кезеңі аяқталды, "Беларусь" және "Кировец" тракторларының өндірісі іске қосылды. Барлығы аймақ аумағында 3 мың жұмыс орнын құрумен, 350 млрд теңгеге 14 жобаны орналастыру көзделген, деп хабарлайды primeminister.kz.

Өңір экономикасы мен барлық саланы индустриялық-технологиялық дамыту драйверлерінің бірі – автомобиль құрастыру. Асқар Мамин сала көшбасшысы – "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС өндірістік цехтарын қарады, онда жеңіл және жүк автокөліктерінің, автобустардың шанақтарын құрастыру, біріктіру және бояу жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорынның жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы 27 мың данадан астам, мұнда 8 брендтің 50-ден астам автокөлік үлгілері құрастырылады. 

ҚР премьер-министрі Қазақстанда автокөлік құрастыру және ауыл шаруашылығы машинасын жасау мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

ҚР үкіметінің басшысы биыл шілдеде қабылданған Машина жасауды дамытудың 2019–2024 жылдарға арналған жол картасында қолдаудың жүйелік шараларының кешені қарастырылғанын атап өтті, олардың қатарында салықтық преференциялар, қаржылық және шикізаттық қолдау, білікті мамандармен қамтамасыз ету шаралары бар. Сала алдында 2020 жылға қарай жылына 100 мың автокөлік құралына дейін шығаруды қамтамасыз ету міндеті тұр.  

ҚР премьер-министрі жұмыс сапары барысында "Баян Сұлу" АҚ кондитерлік фабрикасына барып, Қостанай ауданының "ОХ "Заречное" ЖШС алаңдарында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жағдайын қарады.

Асқар Мамин Заречное ауылында "Северный" шағын ауданына барды, онда "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 279 жеке және 11 көп қабатты тұрғын үйлер салу көзделген. Бүгінде 172 үй бойынша жұмыстар аяқталған, осы жылдың соңына дейін 107 үй салынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу