Екібастұз қаласында Үкімет басшысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаланы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды. Құжат жайлы қалалық ортаны, экономиканың нақты секторын дамыту, жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, экологиялық проблемаларды шешу бойынша 118 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді.
2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің үлесін 4 есе — 5%-дан 20%-ға дейін арттыру арқылы қала экономикасының отын-энергетика кешеніне және тау-кен өндірісі саласына тәуелділігін төмендету көзделген. Машина жасау, АT-технологиялар, көмір химиясы, қызмет көрсету салаларында 16,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Жоспарды іске асыруға 932,3 млрд теңге қарастырылған, оның 84%-дан астамы — жеке инвестициялар.
Екібастұз МАЭС-1-ді аралау кезінде "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Премьер-Министрге ҚР аталған ірі жылу электр станциясын жаңғырту жөніндегі жұмыстардың барысы, Екібастұз МАЭС-2 №3 жаңа энергия блогын салу жобасын іске асыру, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы басқа да инвестициялық жобалар туралы баяндады.
Екібастұз МАЭС-1-де электр сүзгілерін орнатумен №1 энергия блогын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 550 МВт-қа – 4050 МВт-қа дейін ұлғайтуға және күл-қожды жоюдың заманауи технологияларын қолдану есебінен қоршаған ортаға әсерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жобаның құны 123,7 млрд теңгені құрайды, бұл ретте станцияны пайдалануға беру мерзімін қысқартып, жобаны 2023 жылы аяқтау көзделген. Осылайша, қысқа мерзімді перспективада ҚР өсіп келе жатқан экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, ірі индустриялық жобаларды іске асыру үшін шамамен 1200 МВт қуат іске қосылады.
Үкімет басшысына Екібастұз қаласының индустриялық аймағында іске асыру жоспарланған, жалпы сомасы 227,5 млрд теңгеге тау-кен өндірісі, металлургия, көмір-химия және өңдеу өнеркәсібі саласындағы перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды. Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің ірі жобаларының бірі қуаты жылына 240 мың тонна жоғары маркалы ферросилиций және 12 мың тонна микрокремнеземді құрайтын ферроқорытпа зауытын салу болады. Жобаны "EkibastuzFerroAlloys" ЖШС 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырады. Жоба құны 55 млрд теңгеден асады.
Кәсіпорынның құрылысы кезінде 1,5 мың жұмыс орны, ал ол іске қосылғаннан кейін 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыру Қазақстанның ферроқорытпа нарығындағы экспорттық әлеуетін арттырады және ферросилиций экспорттаушыларының әлемдік рейтингінде ҚР позициясын 5-орыннан 2-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.
"Ansa Silicon" компаниясы қуаты жылына 35 мың тонна өнім шығару болатын техникалық кремний өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны – 40 млрд теңгеден астам, оны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған. 400-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.
Өнімдері АҚШ, Жапония және Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады. Үкімет басшысы темір жол дөңгелектерін ("Проммашкомплект" ЖШС), темір жол осьтері мен доңғалақ жұптарын ("R.W.S. Wheelset"), темір-бетон шпалдары мен білеулер ("R.W.S. Concrete"), бекіту бұйымдарын - серпімді клеммаларды, бұрандамалар мен бұрамаларды ("ФерроТрансТрейд") өндіретін кәсіпорындарға барды. Экспорт көлемі өнімнің 70-80% құрайды. Екібастұз қаласында ГФР және РФ инвесторларының қатысуымен "Railcast Systems" ЖШС ұсталық-бандаж кешені құрылысының жобасын жүзеге асыру Қазақстанда темір жол машинасын жасауды дамытуға жаңа серпін береді.
Өндірістің қуаты – жылына локомотивтерге, үлкен тісті доңғалақтардың дайындамаларына және соғылған бұйымдарға арналған 112 мың қара құрсау. Жобаның құны – 70,1 млрд теңге, іске асыру мерзімі – 2024 жыл, 600 жұмыс орны құрылады. Кәсіпорынды іске қосу ҚР-ның аталған өнімге ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 81%-ы сыртқы нарықтарға экспортталатын болады.
Павлодар қаласында Премьер-Министр "Қазақстан алюминийі" АҚ өндірісінің дамуымен және экологиялық стратегиясының іске асырылуымен танысты, түрлі мақсаттағы арнайы техниканы шығаратын "ТемірМаш" зауытына, құрылыс материалдарын дайындайтын "ZENITH" зауытына барды. Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға 573,7 млрд теңгеге дейін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті. Жұмыс сапарына ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қатысты.