Асқар Маминнің коронавирус жұқтырғаны туралы жалған ақпарат тарады

893

Премьер-министрдің баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрайды.

Асқар Маминнің коронавирус жұқтырғаны туралы жалған ақпарат тарады

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге коронавирус диагнозы қойылғаны туралы кейбір Telegram-арналарда таралған ақпарат жалған әрі шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта Үкімет басшысы кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр және биыл 10 шілдеде Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізуде", – деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу