Асқар Мырзахметов Атамбаевтың сөзіне қатысты пікір білдірді

1188

Асқар Мырзахметов Атамбаевтың сөзіне қатысты пікір білдірді

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың суды тоқтату жөніндегі сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Атамбаев соңғы баспасөз мәслихатында "Қазақстанға су жіберуді екі күнге тоқтатса жеткілікті – бірден шекарадан өткізе бастайды", - деп мәлімдеген еді. 

"Біріншіден, бұл шешімді Қырғызстан ғана қабылдай алмайды, өйткені трансшекаралық өзендерді пайдалану бойынша халықаралық құқық бар. Қырғызстан бұл ережелерді бұзбауы тиіс. Екіншіден, біз жыл сайын өзіміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін вегетация кезінде қажетті су қорымен қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шараларды қолға алып отырмыз", - деді Мырзахметов БАҚ өкілдеріне. 

Оның айтуынша, Қазақстан ғана емес, өзеннің сағасындағы Өзбекстан да белгілі бір көлемде Қырғызстан жіберетін суға тәуелді. 

"Егер Қырғызстан су бөлу бойынша басқа шешім қабылдайтын болса, ол Өзбекстанға да ықпал етеді", — деп түйді сөзін министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу