ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы қызметкерлерiн төл мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
"Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып, тер төккен баршаңызға ризашылығымызды жеткіземіз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Қамбаларыңызға астық толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін!Тәуелсіздігімізді баянды етіп, қуатты ел құру жолында бірлесіп атқаратын іс-қимылда қажымас қайрат, толайым табыстар тілеймін!", - деген құттықтау жолдады министр.