Қарағанды облысында еліміздің облыстық және аудандық әкімдіктерімен бейнебайланыс режимінде өткен, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың ел тұрғындарымен есептік кездесуінде ауыл шаруашылығы саласының 2016 жылғы қорытындылары баяндалды.
Министрдің есебіне сүйенсек, өткені жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 220 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік субсидиялар бөлінген, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 26%-ға көп (2015 жылы – 174 млрд. теңге). Сондай-ақ, 233 млрд. теңге көлемінде жеңілдетілген кредиттер беріліпті, ал бұл 2015 жылдың деңгейінен 14%-ға жоғары (2015 жылы – 204 млрд. теңге).
2016 жылы "ҚазАгро" желісі бойынша жалпы құны 42 млрд. теңге болатын 57 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, 1800-ден астам жұмыс орны құрылған. Ауылда жалпы сомасы 34 млрд. теңгеге 11 мыңға жуық микрокредит берілді.
2016 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,6 трлн. теңгені құрады.