– Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.
1997-1998 жылдары – "Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың" әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.
1998-1999 жылдары – "Қазақстанның шағын бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман.
2001-2005 жылдары – "Новости недели" РГ" ЖШС тілшісі.
2005-2006 жылдары – "Қазақстан" РТРК" АҚ – "Астана" ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.
Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары – "Нұр-Медиа" ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.
2011-2013 жылдары – "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті.
2014 жылы – "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры.
2016-2017 жылдары – қоғамдық қордың президенті.
2017-2020 жылдары – "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС бас директоры.