Асқар Омаровқа Мойынқұм ауданының тұрғындары қандай сұрақтар қойды

929

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысына жасаған сапары аясында Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz. 

Асқар Омаровқа Мойынқұм ауданының тұрғындары қандай сұрақтар қойды

Жиында Интернет, ауыз су, газ тарту мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылды.

"Ешқандай доступ жоқ Интернетке. Қағаз жүзінде Интернетіміз қойылып кеткен. Интернетсіз отырмыз. Бұл жөнінде мен облыс әкіміне де хаттама жолдадым. Телеарнаға 2 рет видеозапись түсіріп, оны жібердік ауыл тұрғындары болып. Бірақ Интернетіміз бола ма, болмай ма? Болса қашан болады?", - деді ауыл тұрғыны.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі аудан әкімінен мәлімет беруін сұрап, бұл сұрақты нақтылайтынын атап өтті. 

Сонымен қатар кездесуге келген көпбалалы аналар жергілікті шенділердің мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 32500 теңгені тек бір балаға ғана бөлгендігін айтты. Министр бұл мәселені анықтауға уәде берді. 

Бұдан бөлек "Мойынқұм таңы" газеті неге жеке меншікке беріліп, мемлекеттік меншікке өтпейтіндігі туралы сұрақ қойылды. 

"Бәріңізге мәлім дамыған елдерде БАҚ негізі тәуелсіз болады, яғни жеке болады. Өзіңіз айтып тұрсыз "Мойынқұм таңы" газеті жекеге өтті. Негізі газет қатты өзгерген жоқ. Журналистердің жалақысы көтерілді ме? Көтерілді. Қаламақы төлейтін болды. Оны енді қазір жеке бизнес мойнына алып жатыр, мемлекет емес... Қоғамда әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азаматтар болса, мен осы БАҚ-ты қолыма алайын, сатып алайын немесе сенімді басқаруға алайын десе, біз оған келісеміз. Бұл да Жаңа Қазақстанның бағыттарының бірі. Себебі сөз бостандығын біз қолдаймыз", - деп жауап берді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу