Асқар Шәкіров: Өндірісте қауіпсіздіктің жоғары мәдениетін қалыптастыру қажет

832

Сенатта өткен үкімет сағатында палата төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров өндірістегі қауіпсіздік мәдениеті туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Асқар Шәкіров: Өндірісте қауіпсіздіктің жоғары мәдениетін қалыптастыру қажет

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу, оның ішінде стратегиялық маңызды өндіріс пен  негізгі экспорттық басымдықты айқындау, сондай-ақ өнеркәсіпті қолдау шарасын нақты іспен толықтыру жөнінде нақты тапсырма берді. Осыған байланысты ұжымдық мәдениет ретінде өндірісте қауіпсіздіктің жоғары мәдениетін қалыптастыру, қолдау және дамыту қажет деп санаймыз. Бұл өндірістік және экономикалық мақсаттан басым болып, барлық қызмет түрлерінің жалпыға бірдей және ажырамас бөлігіне айналуға тиіс", – деді Асқар Шәкіров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу