Асқар Умаров Қазақстандағы "Internews Network" өкілдерімен кездесті

993

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Қазақстандағы "Internews Network" өкілдігімен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.  

Асқар Умаров Қазақстандағы "Internews Network" өкілдерімен кездесті

Өкілдік директоры Марат Бигалиев, медиасауаттылық жөніндегі өңірлік кеңесші Гүлнар Асанбаева, медиақұқық жөніндегі өңірлік кеңесші Ольга Диденко, сондай-ақ Министрліктің ақпарат саласы мәселелеріне жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында медиа саласының мамандарын оқыту, ақпаратқа қол жеткізу, медиасауаттылық және медиаэтика саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу