Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

921

2020 жылғы желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры қызметін атқарды.

Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР Әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбеталиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтемемен inbusiness.kz хабарлайды.

Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, Лондон экономика және саяси ілім мектебін (тағылымдама) бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — құқықтану, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын 1997 жылы "КазЮжBодСтрой" АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады.

2003-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет етті (Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаменті).

2007 жылдан 2009 жыл аралығында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасында жұмыс істеді.

2009 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында басшылық лауазымдар атқарды.

2016 жылғы шілде-желтоқсан аралығында "СҚ-Фармация" ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2020 жылдың шілдесі аралығында ҚР Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020 жылдың шілдесінен желтоқсаны аралығында — ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры.

2020 жылғы желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу