Асқар Ыдырысов: Ең төменгі жалақы – 85 мың теңге

1244

Сәтбаев қаласының әкімі жұмыс іздегендерді жұмыспен қамту орталығына жүгінуге шақырды.

Асқар Ыдырысов: Ең төменгі жалақы – 85 мың теңге

Сәтбаев қаласында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам 18 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы қала әкімі Асқар Ыдырысов ZOOM платформасындағы онлайн-конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қалада ЖҚЖК бойынша мектептер мен балабақшаларды жөндеу, оқушылар сарайы мен 320 орындық жаңа балабақша салу, жолдарды жөндеу және салу, №3 сорғы станциясын инженерлік-техникалық нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, жұмыстарға 800-ге жуық адам тартылмақ. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 361 жұмыс орны ашылды.

Асқар Ыдырысов жұмыс іздегендерді жұмыспен қамту орталығына жүгінуге шақырды. Ең төменгі жалақы – 85 мың теңге.

Сондай-ақ, Сәтбаев қаласының әкімі карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу