Қызылорда облысының білім басқармасының келісімі бойынша Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері білім бөліміне қарасты №101 мектептің оқу ғимаратында Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбын ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сынып кабинеті арнайы стендтермен, өрт сөндіру-құтқару құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбын құрудың мақсаты - табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі дұрыс шешім қабылдау білімін, дағдыларын дамыту, өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу болып табылады.