Асқар Забикулиннің әйелі мен балаларына ЖОО-да тегін оқуға грант бөлінді

675

Қазіргі уақытта екі отандық ЖОО грант беруге дайын екенін білдірді.

Асқар Забикулиннің әйелі мен балаларына ЖОО-да тегін оқуға грант бөлінді Фото: informburo.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі қызмет бабында көз жұмған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына грант бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Асқар Забикулиннің балаларына орта мектепті бітіргеннен кейін кез келген бакалавриат мамандығында жоо грантында оқуға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, Асқар Забикулиннің балалары 2023 жылы жазда университеттің жатақханасында тұрып, IT-лагерьге және жазғы тілдік мектепке қатыса алады.

Сонымен қатар, әйелі Анель Забикулина үшін "Адам ресурстарын басқару" мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді.

Батырдың әйелі Анель Забикулинаның МВА бағдарламасында оқуға толық грантын AlmaU да бөлді. Ол грантты 2023-2026 жылдары қолдана алады.

Еске сала кетсек, ҚР "Білім туралы" заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің балаларының өтініші негізінде оларға конкурстан тыс білім гранты беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу