Асқар Забикулиннің әріптестеріне психологиялық көмек көрсетіліп жатыр

551

"Қаһарман" тұрғын үйіндегі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізген 10 құтқарушы Психологиялық даярлық орталығында психологиялық оңалтудан өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz ТМЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Асқар Забикулиннің әріптестеріне психологиялық көмек көрсетіліп жатыр Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Басты мақсат – қызметтесінен айрылған құтқарушыларды күйзелістен оңалту, сондай-ақ оларды психологиялық қорғау мақсатында мамандандырылған психотерапиялық көмек көрсету. Бұл психологиялық қысымды жоюға және қауіпті әрі жауапты маман иелерінің алдына қойылған міндеттерін орындауына психологиялық-эмоционалды жай-күйін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық даярлық орталығы 2021 жылы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бастамасымен ТЖМ қызметкерлерінің психологиялық даярлық деңгейін жетілдіру және арттыру мақсатында құрылған. Орталықтың бірегейлігі – қызметкерлерді психологиялық даярлау жүйесіне инновациялық көзқарас, жаңа қолданбалы технологияларды пайдалану, атап айтқанда жедел профайлинг, нейрофизиология және когнитивтік психология саласындағы бірегей әзірлемелер, сондай-ақ орталықтың тәжірибелі психологтері жинақтаған экстремалды психология саласындағы практикалық әдістер.

Арнайы жабдықты қолданумен 5-7 күн бойы өтетін психотерапиялық сессиялар төзімділік жаттығуларын, реакциялардың жылдамдығын, ойлаудың жеделдігін және психо-эмоционалды тұрақтылықты жаттықтыруға бағытталған.

Екінші кезеңде құтқарушылардың отбасы мүшелері психотерапиялық сеанстан өтеді.

Орталықтың функцияларына кадрлық әлеуетті дайындау және анықтау, қызметкерлердің ресурстарын тану кіреді. Орталық жұмыс істеген уақыт ішінде 700-ден астам қызметкермен жұмыс жүргізіліп, 30-дан астам тренинг өткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу