Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

576

Елордалық өрт сөндіркші Асқар Забикулин қайтыс болған тұрғын үйдегі өрттің неден шыққаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

"Қаһарман" тұрғын үй кешенінде (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14) болған өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуына әкеп соқтырған ұзартқыш желісіндегі ақаулық.

Еске салсақ, 16 қарашада Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 3 адам ауруханаға түскен еді.

Осы оқиғада денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды.

Министрліктің мәліметінше, биыл елорда аумағында 682 өрт тіркелген, оның 105-і көппәтерлі тұрғын үйлерде. Әдетте, өрттің себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамау болып табылады.

Астана қаласының ТЖД электр желілерін, розеткаларды ақаусыз күйде ұстауға, желілік сүзгілерді және басқа да электр құралдарын жарамсыз күйде пайдалануға жол бермеуге ерекше назар аударуды еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу