Асқар Жамбакин вице-министр болып тағайындалды

913

ҚР Үкіметінің қаулысымен Асқар Жамбакин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.  

Асқар Жамбакин вице-министр болып тағайындалды

Асқар Жамбакин 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, 2009 жылы Манчестер университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы "Эйр Қазақстан" ЖАҚ байланыс торабының бірінші санатты байланыс технигі болып бастаған.

2010-2011 жылдары – "HSBC Қазақстан банкі" АҚ ЕБ корпоративтік жүйелер бөлімінің басшысы, директ маркетинг бойынша офицері.

2011-2014 жылдары "Қазақстанның даму банкі" АҚ әдістеме және бизнес-процестер басқармасының басшысы, бизнес-процестер және корпоративтік даму департаменттерінің директоры болып жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары "Қазкоммерцбанк" АҚ департаменті директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарған.

2017-2018 жылдары – "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" жобалық кеңсе бағдарламаларының менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі.

2018 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу