Жиында "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алған тұлғалар – Президент жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев, Қарағанды облысындағы "Шахтерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Георгий Прокоп, сондай-ақ Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Құлбек Ергөбек, "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері", "Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры Абай Байгенжин, "Шапағат" медалінің иегері, "Haileybury Astana" мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Озода Маннопова сөз сөйледі.