Премьер-министрдің орынбасары болған Асқар Жұмағалиев министрліктің орынтағына жайғасты. Енді ол цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жетекшілік етеді, деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ бірқатар министр өз орнында қалды. Атап айтқанда, сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және әділет министрі Марат Бекетаев өз қызметтерін одан әрі жалғастырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу