"Әскер тарланы" анықталды

667

Қорғаныс министрлігінде "Әскер тарланы" байқауының жеңімпаздары марапатталды.  

"Әскер тарланы" анықталды Фото: gov.kz

Салтанатты рәсімде мамандықтары бойынша үздік атанған әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді, деп жазады inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау жеңімпаздарын анықтауда әскерлердің жауынгерлік қабілетін нығайтып, әзірлігін арттыруға күн сайынғы жанқиярлық еңбегімен үлес қосып жүрген әскери қызметшілерге басты назар аударылды. Осыған сәйкес 24 номинация бойынша үздік мамандар анықталды.

Салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылған лауреаттардың туыстары мен жақындары атап өткендей, Отан қорғаушылар қатарында үздік деп танылған ұлдары мен жұбайлары, әкелері мен балалары олар үшін әрдайым мақтаныш.

Әкери-оқу жаттығуларын өткізу барысында кәсібилігі, қырағылығы және өзге де жауынгерге тән қасиеттерімен көзге түскен 24 сарбаз марапатталды.

"Әскер тарланы" байқауы әскери қызметшілердің жеке әрі кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу