Әскерде 1940-жылдардағы қару-жарақ жоқ – Қорғаныс министрінің орынбасары

929

Қарулы күштерде қару-жарақтардың модернизациясы жүріп жатыр.  

Әскерде 1940-жылдардағы  қару-жарақ жоқ – Қорғаныс министрінің орынбасары Фото: stan.kz

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков әскердегі оқу-жаттығуларда ескі қару-жарақ қолданылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер әскердегі оқу-жаттығуларда қырқыншы жылдардағы қару-жарақ қолданылатыны туралы ақпарат рас па деп сұрады.

"Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Біздің Қарулы күштерде қазіргі таңда қару-жарақтардың модернизациясы жүріп жатыр. Жаңадан еніп жатқан ұшақсыз ұшу құралдары, соларға қарсы тұратын қару-жарақтар және де соны меңгеретін операторлар дайындығы", – деді Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында.

Журналистер Отарға барғанда ескі қару-жарақтарды өз көзімен көргендерін нақтылады.

"Ондай жоқ. Мысалы, үлкен мемлекеттерді алып қарасаңыздар, олар 1978-1980 жылғы қаруларды қолданып жатыр. 40-ыншы жылғы қару-жарақтар да бар. Ол елдерде бұл қару-жарақ өзінің тиімділігін көрсетіп жатқаннан қолданылып отыр. Ал бізде ондай қырқыншы жылдардағы қару-жарақтар жоқ", – деді Асқар Мұстабеков.

Айта кету керек, бұған дейін  әскерже сарбаздарға консервіленген киік еті берілуі мүмкін бе екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу