Оның әлеуметтік желілердің бірінде "әскери қызмет кезінде зорлық көрдім" дегені жалған екені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жігіт биыл ақпан айында анонимді парақша арқылы әскери қызметте өзіне жыныстық зорлық-зомбылық жасалғанын, өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған.
Жазбасында ақша аударуға арналған банк деректемелерін де жариялаған. Министрліктің хабарлауынша, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі шағымданғаннан кейін тексеру жүргізілген.
– Тексеру барысында жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ, сотталған азаматтың ешқашан әскери қызмет өтемегені белгілі болды. Ақша жинау үшін ол мән-жайды білмейтін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күннің ішінде бұл шотқа 15-тен аса ақша аударымы түскен. Тергеп-тексеру барысында күдікті жалған ақпаратты тек ақша табу мақсатында жариялағанын мойындады, – деп мәлімдеді ІІМ.
Аталған дерек бойынша алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын тексерілмеген ақпаратқа сене бермеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырды. Сонымен қатар, тек ресми ақпаратқа сену қажет екенін ескертті.