Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Таяуда министр Жоғарғы бас қолбасшыға біздің ақпараттық порталымыз – аrmia.kz мобильді қосымшасын таныстырды. Бұл қосымшаның мүмкіндіктері өте мол. "Шынайы" уақыт режимде анасы, жақындары сарбаздың жауынгерлік дайындықтан бос кез келген уақытында онымен, командирімен тілдесе алады, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның дерегінше, мобильді қосымшаны Ұлттық қорғаныс униерситетінің әскери-ғылыми взвод әскери қызметшілері әзірлеп шыққан.
Оған жасанды интеллекті элементтері де енгізілген.