Бұл туралы Ratel.kz хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сарбаз даладағы жаттығу кезінде қаруын дұрыс қолданбай, кеудесінен жарақат алған.
"Мерзімді әскери қызметші, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды. Ол 2024 жылдың 19 қазанында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы әскерге алынған", – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның себептері анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу