Әскерден кейін ақысыз негізде оқуға түскендер тізімі жарияланды

504

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін тегін негізде жоғары оқу орындарына түскен азаматтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әскерден кейін ақысыз негізде оқуға түскендер тізімі жарияланды Фото: inbusiness.kz

ЖОО-ларға ақысыз негізде оқуға қабылданғандар саны – 650 адам.

Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мерзімді әскери қызметін өткерген жастарды 100 пайыз жеңілдікпен 40-тан астам ЖОО оқытуға дайын екенін жазған едік.

Бұдан бөлек, әскерге барғандарды ҰБТ нәтижесіне қарамастан әскери оқу орнына қабылдау талаптары жарияланған болатын.

Сондай-ақ кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов әскери міндетін өтегеннен кейін жұмыс істегісі келетін сарбаздарды мемлекеттік компаниялар мен ірі корпорацияларға жұмысқа тұрғызу жағын қарастыруды ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу