Әскерден жалтарғандар айыппұл арқалайды

606

Маңғыстау облысында биыл көктемгі әскерге шақырту науқанында 700-ден астам азамат әскерге аттанбақ. Шақырту 18 бен 27 жас аралығындағы жеті жүз елуден астам жасөспірімге жіберілді. 

Әскерден жалтарғандар айыппұл арқалайды Фото: tumba.kz

Егер азамат ешқандай себепсіз мерзімді әскери қызметке шақыртудан жалтарса, заңнамамен қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жаза ретінде 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 17 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Медициналық куәландырудан немесе тексеруден өтуден жалтарғаны үшін әкімшілік ескерту немесе 3 АЕК яғни, 10 350 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді. Әскерге шақырылушының білім деңгейі, мамандығы және моральдық-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі әскери бөлімге жіберіледі.

"Мәселен, десантшыларға қойылатын бірнеше талап бар. Сарбаздың бойы 170 см-ден асуы қажет және спортқа жақын болғаны жақсы. Сонымен қатар, әскерге айтишниктер, жүргізушілер, байланысшылар, музыканттар және жоғары білімі бар балалар келеді. Оларды қажеттілігіне орай, жан-жаққа бөледі", - дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Нығмет Ахмет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу