Әскерге 1300-ден астам алматылық шақырылатын болады

232

Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 18-27 жас аралығындағы 1 300-ден астам алматылық шақырылатын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әскерге 1300-ден астам алматылық шақырылатын болады Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Олардың қатарында ағайынды егіздер Шынболат пен Жанболат Талғатұлы да бар. Бірге қызмет етуге шешім қабылдаған екі егіз Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына өз еріктерімен барған.

Оларды сыртқы ұқсастығынан бөлек, көп нәрсе біріктіреді деуге болады. Екеуі де таэквондомен айналысады. Бірнеше жарысқа қатысып, жеңімпаз атанған. Сонымен қатар егіздер Алматы полиграфия колледжін "Баспа машиналарының операторы" мамандығы бойынша бітірген.

Егіздерді әскер қатарына шығарып салуға туыстары мен достары көптеп жиналды.

"Әскердегі қатаң талаптан қашпаймыз. Біз тәртіпке үйренгенбіз. Спортпен шұғылдана жүріп, табыстың негізі – тәртіп деген сенімге келдік", - дейді Жанболат Талғатұлы.

Қазірдің өзінде кейбір командалардың Мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Қарулы күштер бөлімшелерінің бір бөлігін қоса алғанда, әскерге шақырылушылармен жасақталғанын айта кету керек.

Ағайынды егіздер Шынболат пен Жанболат Талғатұлының шешімі азаматтық жауапкершілік пен борыш сезіне білудің жарқын үлгісі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу