Әскерге 17 мыңнан аса адам шақырылады

1013

Азаматтарды Қарулы күштер қатарына қабылдау жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. 

Әскерге 17 мыңнан аса адам шақырылады

Бұл туралы "Күзгі әскери шақыру науқаны" тақырыбындағы брифингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мәлім етті. 

"Осы жылы қыркүйекте ҚР Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №266 жарлығына сәйкес азаматтарды күзде әскерге шақыру басталды. Қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдар қатарына 17 мыңнан астам 18-27жас аралығындағы ер азаматты әскерге шақыру жоспарланған. Азаматтарды әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады", – деді Сәкен Жүсіпов. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу