Әскерге бармау мақсатында оқу туралы жалған құжат ұсынғандар анықталды

422

Әскери борышын өтеуден жалтарып жүргендер түрлі амалдарға барады.  

Әскерге бармау мақсатында оқу туралы жалған құжат ұсынғандар анықталды  Фото: inbusiness.kz

Соның бірі – университетте оқып жүрмін деген жалған анықтамалар беру. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Оқу туралы жалған анықтамалар беру жағдайлары белгілі болды. Соның негізінде белгілі бір сыйақыға осындай заңсыз қызмет көрсетумен айналысқан айналысқан адамдар тобы анықталды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзінше, аталмыш жағдай елордада анықталған.

"Гумилев атындағы ЕҰУ-да оқып жатыр деген анықтамалар ұсынылған. Жергілікті әскери комиссариат ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментімен бірлесіп осы деректерді анықтады. Әскери полиция арқылы бұл мәліметтер құзырлы органдарға берілді", - деп нақтылады Дархан Ахмедиев.

Айта кету керек, осыған дейін әскери қызмет өткермегендер әскери билет алу қажеттілігінен босатылатынын  жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу