Бұл туралы күзгі-әскери шақыру науқаны туралы брифинг барысында Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Амантай Өсербаев айтты.
"Алматыдан міндетті әскери шақыртуға 1500-ге жуық азамат аттанады. Биылғы ерекшелік күзде медициналық комиссияның құрамында дәрігер-инфекционист отырады. Сонымен қатар қорғаныс күштері құрамына өтетін жастар ПТР тест тапсырады. Медициналық комиссиядан өту барысында санитарлық талаптар, оның ішінде бетперде тағу мен әлеуметтік қашықтық қатаң сақталады", – деді Амантай Өсербаев.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу