Әскерге шақырту тоқтатылады

1073

2019 жылдың көктемінде шақырылған азаматтар әскери қызметінен босатылмайды. 

Әскерге шақырту тоқтатылады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтерден хабардар етті.

"Қорғаныс министрлігінің жаңалығын ерекше атап өткім келеді. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, 2019 жылдың көктемінде шақырылған азаматтарды әскери қызметінен босату тоқтатылады. Сол сияқты, әскерге шақырту да тоқтатылады", – деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек,  16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуірге дейін жалғасады. Ал 19 наурыздан бастап осы екі қала карантинге жабылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу