Әскерге шақыру кезінде ПТР зерттеу екі рет жүргізіледі

1066

Бұл қарулы күштер мен жиын пунктерінде санитарлық талаптар күшейтілді.

Әскерге шақыру кезінде ПТР зерттеу екі рет жүргізіледі

Күзгі әскери шақыру науқаны туралы брифингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов бұл жолғы өзгерістерге тоқталды. Оның сөзінше көктемде жастарды қарулы күштер қатарына қабылдағанда коронавирустық инфекцияға ПТР зерттеу бір рет жасалса, бұл жолы талаптар күшейтілген. 

"Қазақстан күштерінде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жиын пунктерінде, қарулы күштердің бөлімдерінде санитарлық талаптар күшейтілді. Көктемгі әскерге шақырумен салыстырғанда енді ПТР зерттеу екі рет жүргізіледі. Бірінші, әскерге шақыру кезінде, яғни, жиын пунктерінде. Екінші, жас буын әскери бөлімдерге келген кезде. Арнайы пунктердегі комиссия мен комиссиядан өтуге келген азаматтардың барлығы бетперделермен қамтылып, санитарлық талаптар сақталады", – деді полковник. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу