Әскерге шақыру жаңартылған форматта жүргізілуі мүмкін

1605

Мұндағы басты ерекшелік ата-аналар мен қоғам тарапынан кері байланыс орнатылады. 

Әскерге шақыру жаңартылған форматта жүргізілуі мүмкін

Орталық коммуникациялар қызметінде мерзімді әскерге шақыру науқаны туралы өткен брифингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов алдағы уақытта енгізілетін жаңалықтармен бөлісті. Оның сөзінше болашақта қорғаныс күштері туралы ақпараттарды әлеуметтік желідегі арнайы парақшалардан біліп отыруға болады. 

"Алдағы уақытта азаматтарды мерзімді әскерге шақыру жаңартылған форматта жүргізу жоспарлануда. Ол кері байланысты көздейді. Әскерге шақырылғандар, олардың ата-аналары, журналистер мен қоғам өкілдері қажетті сұрақтарға жауап алу үшін хабарласа алады. Ол үшін қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде электронды пошта мен ресми аккаунттар ашылды. Біз әрқашан ашықпыз, сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз", – деді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы. 

Құралай Құдайберген

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу