Әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардың талабына жауап берді

403

Әскерге шақыру жасы өзгерсе, мектепке қабылдау жасы да өзгере ме?

Әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардың талабына жауап берді Фото: mediabase.kz

Қазақстанда жастарды әскерге шақыру жасын 18-ден 20-ға дейін ұлғайту жөнінде петиция жарияланған еді.

Қорғаныс министрлігі аталған мәселеге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бұл ұсынысты қабылдау үшін алдымен балаларды 1-сыныпқа қабылдау жасын 10 жасқа дейін көтеру керектігін айтты.

"Қарулы күштер қоғамда болып жатқан нәрселердің көрінісі. Әскерге шақыру жасын ұлғайту үшін мектепке қабылдау жасын қайта қарау қажет. Егер мектепке қабылдау жасын өзгертпесек, болашақта балалар 17 жастан 20 жасқа дейін немен айналысады?", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұл мәселені Қорғаныс министрлігі оқу-ағарту министрлігімен және басқа құрылымдармен бірлесіп қарауы қажет.

Вице-министрді мәжіліс депутаты Константин Авершин де қолдады.

"Неге 18 жастан бастап әскерге шақырылады? Кеңес заманында бұл тақырыпқа терең зерттеулер болған. Жалпы, бұл жаста жас жігіттер гормоналды өзгерістерді сезіне бастайды. Психикадағы өзгерістер физиологиялық өзгерістерден кейін жүреді, сондықтан осы уақыт жас жігіттерден ер азаматтарды тәрбиелеп шығару үшін таңдалған. Барлығы физиологиялық ерекшеліктерге байланысты, сондықтан 18 жастан бастап шақырылады", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу