Әскерге шақырылатындар екі рет ПТР-тест тапсырады

683

Сонымен қатар әскери бөлімге келгенде 14 күнге оқшауланады.

Әскерге шақырылатындар екі рет ПТР-тест тапсырады

ҚР Қарлы күштер БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов әскердегі карантин тәрбін айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Биыл екінші жыл қатарынан әскерге шақыру науқаны пандемия кезінде өткізіліп жатыр. Әскерге шақыру және жиын пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алудың әрі оның таралуына жол бермеудің арнайы тәртіюі бар. Мәселен әскерге шақырылатындарға ПТР-тестті екі рет тапсырады, яғни, әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде және әскери бөлімдерге келген кезде", - деді Сәкен Жүсіпов. 

Спикердің айтуынша, Қорғаныс министрлігі әскерге SMS хабарлама арқылы шақыру жұмыстарын жалғастырмақ. 

 "Алдағы әскерге шақыру барысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметінің сервисі арқылы әскерге шақырылатындарға SMS хабарлама таратуды жалғастыру жоспарланып отыр. Хабардар ету процесінде жеке қарым-қатынас жасауды болдырмау инфекция жұқтыру қаупін азайтады", - деді Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу