Әскерге шақырылғандар Отанға адал болуға ант берді

1064

Еліміздегі Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімінде әскери ант беру рәсімдері өтуде.  

Әскерге шақырылғандар Отанға адал болуға ант берді

5800-ден астам мерзімді әскери қызметші Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Карантиндік шаралар жағдайында ант беру рәсімдері әскерге шақырылушылардың туыстарының қатысуынсыз ұйымдастырылған. Оларға
рәсімге онлайн режимінде қатысу мүмкіндігі берілді.

Еліміздің әр өңірінен келген жастар эксаумақтық принцип бойынша бөлінген. Жас толымдар Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінде қызмет өткеретін болады.

Әскери ант қабылдар алдында жас жауынгердің курсы болды. Бір ай бойы әскерге шақырылушылар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, саптық, атыс және дене дайындығын меңгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу