Әскери арсенал заманауи қару-жарақтармен толығады

848

Қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи, жоғары технологиялық үлгілерімен техникалық және жауынгерлік жарақтандыру жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Әскери арсенал заманауи қару-жарақтармен толығады Фото: Мария Матвиенко

"Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің компоненттерін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға баса назар аударылып жатыр. Басым бағыттар бойынша әскери өнім атауларының тізбесі айқындалған. Оған майдандық және әскери-көлік авиация ұшақтары, зымыран-артиллериялық қару-жарақ, сауытты танктік техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары, робототехникалық құралдар, оқ-дәрілер және басқа да номенклатуралар кіреді", – деді спикер. 

Бұл ретте отандық кәсіпорындарда жасалған өнімдерге басымдық берілмек. 

"Импортқа тәуелділіктің төмендеуі, қару-жарақ пен техниканы қолдану бағасының, сапасы мен тиімділігінің оңтайлы ара қатынасы, өндіріс әлеуетін арттыру және тиісінше мемлекеттік қорғаныс тапсырысының уақтылы орындалуы басты талап болып отыр. Бұл салада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен жүйелі жұмыс атқарылуда", – деп атап өтті спикер. 

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі қару-жарақ пен әскери техниканың заман талабына сай түрлерін жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды ұлғайтуға мүдделі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу