Әскери-әуе күштердің бөлімдеріне Чехиядан жаңартылған ұшақтар жеткізілді

741

Олар бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарты аясында өндіруші зауытқа жөндеуге жіберілген болатын.

Әскери-әуе күштердің бөлімдеріне Чехиядан жаңартылған ұшақтар жеткізілді

Чех Республикасынан Қазақстанға жаңғыртудан және күрделі жөндеуден өткен L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Модернизациядан өткен ұшақтың жаңа цифрлық және катапульттік жүйесі, объективті бақылауы, байланыс құралдары және тағы басқалары жаңарды", – дейді ведомстводан.

Айта кетсек, аталған L-39 ұшағы курсанттарды ұшу техникасына алғашқы үйретуге арналған. Онда оқу орындары мен бөлімдердің ұшу құрамының жаттығулары өткізіледі, әуе нысаналарын ұстау, байланысты жауынгерлік іс-әрекетте қолдану элементтері игеріледі, жерүстіндегі нысаналарды зақымдау іс-қимылдары пысықталады.

"Жаңғыртылған ұшу аппараттарында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының үшінші курс курсанттары тағылымдамадан өтуде. Ұшу басталғанға дейін болашақ ұшқыштар ұшақтың теориялық және материалдық бөлігін, ұшу жұмысын және ерекше жағдайларда әрекет ету тәртібін реттейтін құжаттаманы зерделеді. Жаңартылған L-39 оқу-жаттығу жауынгерлік ұшағын меңгеруге тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар көмектеседі", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу