Әскери билеттер цифрлық форматқа ауыстырылды

187

Енді жұмыс беруші азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметтерді egov.kz электрондық үкімет ресурсын пайдалана отырып, автоматты түрде алады.  

Әскери билеттер цифрлық форматқа ауыстырылды Фото: astanatv.kz

Жұмысқа орналасу немесе оқу орнына қабылдау кезінде құжатты түпнұсқада ұсыну туралы талап алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңнама бойынша заңды тұлғалар азаматтардың әскери қызметіне қатынасы туралы деректерді тіркеуге міндетті. Сондықтан кадр қызметтері бұрын әскери есепке алу құжаттарын (әскери билеттер, тіркеу туралы куәлік, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама және т.б.) талап еткен.  

Қорғаныс министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп жұмыс берушінің сұрауына автоматты түрде жауап алуға мүмкіндік беретін интеграциялық жұмыстар жүргізді. 

– Өткен жылдан бастап біз осы процестерді цифрландыру жөнінде жұмыс жүргіздік. Атап айтқанда, ақпараттық жүйені әзірлеп, оны іргелес мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен біріктірдік. Инновация кадрлық қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, азаматтарды анықтама алу үшін уақыт жұмсаудан босатады. Егер бұрын бұл процестер бірнеше аптаға созылса, бүгінде бұл бір күнде жасалады, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Жеке ұйымдар "Е-Еңбек" ақпараттық жүйесінде, мемлекеттік мекемелерде "Е-Қызмет" ресурсын пайдалана отырып, қызметкерлердің есебін жүргізетін болады.

Сонымен қоса әскери билет Қарулы күштер қатарында, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткергендерге ғана берілетінін атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу