Әскери бөлімдегі жарылыс: Пойыздағы жолаушылар 20 шақты көлікке отырғызылды

1020

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әскери бөлімдегі жарылыс: Пойыздағы жолаушылар 20 шақты көлікке отырғызылды

Аймақ басшысының айтуынша, кеше Байзақ ауданының Жаңатұрмыс ауылында 28349 әскери бөлімінің өртенуіне байланысты теміржол байланысы тоқтатылған.

"Ауданға 2 жолаушылар пойызы келген. Ондағы жолаушылар үшін қосымша 20 шақты автокөлік ұйымдастырдық. Олардың баратын жағына жөнелттік. Қазір таңда ол жақта жолаушылар пойызы тоқтап тұрған жоқ. Бүгінде саперлер жұмыс істеп жатыр", - деді облыс әкімі ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бердібек Сапарбаев мамандар теміржол аумағын жарылғыш заттардан тазартқасын тиісті шешім қабылданатынын жеткізді.

"Кейін аумақты теміржолшылар тексереді. Содан соң шешім қабылдаймыз. Жолаушылар, тауар таситын көліктер үшін жолды ашамыз. Ал енді жеңіл көліктер үшін айналма жол ұйымдастырдық. Ал негізгі жол оқиға орнына жақын болғандықтан ол уақытша жабық болады", - деді өңір басшысы.

Айта кетейік, кеше Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылында 28349 әскери бөлімінің өртенген болатын. Осыған байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез жолының 476 шақырымында қозғалыс шектелді. 

Әскери бөлім Тараз-Алматы бағыты бойынша теміржол бойының оң жағында орналасқан.

Бүгінде қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін Тараз қаласы жағынан 505 км және Ақшолақ кенті жағынан 474 км (Жібек жолына бұрылыс) жабылды, қозғалыс жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу