Әскери бөлімдерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету әлі өзекті

459

Шекара қызметінде 358 нысанның тек 104-і бейнебақылау жүйесімен қамтылған.

Әскери бөлімдерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету әлі өзекті Фото: SN.kz

Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Марат Қазиев Сенатта әскери қызметшілердің мәселесі туралы өткен отырыста мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Мысалы, Ұлттық ұланды толық қамту үшін әлі қажетті 216 бейнебақылау жүйесін қолдану керек. Қорғаныс министрлігінде 12,5 мың бейнебақылаудың 4,1 мыңы істен шыққан. Оған қоса әскери бөлімдер мен мекемелердің бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуін реттейтін бірыңғай құқықтық-нормативтік акт болмаған", - деді спикер.

Оның сөзінше, бұл жұмыс қолға алынып, бірлескен бұйрықтың жобасы дайындалған. 

"Бүгінде бұл құжат пысықталып, келісу сатысында тұр. Бұйрық қабылданып, тиісті қаражат бөлінген жағдайда әскери бөлімшелерді бейнебақылау жүйесімен қамту жұмыстары қарқынды жүріп, заңдылықты арттыруға өз әсерін тигізеді деп санаймыз", - деп түйіндеді Марат Қазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу