Әскери бөлімше мемлекеттің 52 млн теңгесін желге шашқан

91

Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының "Жұмылдыру дайындығын және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" КММ-ін тексеру барысында заң бұзушылықтарды анықтады.  

Әскери бөлімше мемлекеттің 52 млн теңгесін желге шашқан Фото: dknews.kz

Нақты заңбұзушылықтар азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Азық-түлік бағасын есептеу кезінде негізсіз арттыру, конкурс құжаттамасында қажетті ақпараттың болмауы, әртүрлі медициналық тауарлардың бір лотқа біріктірілуі және т.б. анықталды.

"Гарнизон прокуратурасының қадағалау актісі негізінде жалпы сомасы 52 млн теңгені құрайтын 3 конкурстың нәтижелері заңсыз деп танылып, күшін жойды. Заң талаптарына сай жаңа конкурс рәсімдерін өткізу қамтамасыз етілді", - делінген ақпаратта.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу