Әскери бөлімшелерге жаңа техникалар жеткізілді

694

Машиналар паркін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

Әскери бөлімшелерге жаңа техникалар жеткізілді Фото: gov.kz

Тәуелсіздік күні қарсаңында Әскери инфрақұрылым бас басқармасының мекемелеріне Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов салтанатты түрде автомобиль және арнайы техниканың кілттерін табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Гарнизондарға 30-дан астам арнайы жол-құрылыс және коммуналдық-пайдалану техникасы түсті. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің елордалық жол-пайдалану учаскесінің базасында өтті. Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары жеке құрамға әскери объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі тиімді жұмысы үшін алғыс айтты.

"Мемлекет елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адал еңбек етуімізге барлық жағдай жасап жатыр. Бүгін жаңа техниканы алдық. Оның көмегімен біздің мамандар Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын қолдап, аса маңызды рөл атқаратын әскери инфрақұрылымның сапасын арттыруға жағдай жасайтын болады", – деді генерал-лейтенант М.Таласов.

Айта кету керек, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында арнайы машиналар паркін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2020 жылдан бастап Қарулы күштердің бөлімшелері мен мекемелеріне 80-нен астам техника жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу