Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге ескерткіш орнатылды

2137

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы орнында әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.

Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге ескерткіш орнатылды

Ескерткіштің ашылу рәсіміне Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбенов, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, қаза болған әскери қызметшілердің туған-туысқандары, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдері мен жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бүгін оқиға орнында біз оқу жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, бейбіт уақытта мезгілсіз өмірден озған Отанымыздың ұлдарына ескерткіш орнатудамыз. Жігіттеріміз өздерінің "соңғы ұрыстарын" қабылдады және әскери ант пен жауынгерлік бауырластыққа адалдықтарын дәлелдеді. Мыңдаған ұлдарымыз бен патриоттарымыз Қарулы Күштерде қызмет етуде. Олар әскери ант пен әскери борышқа адал", - деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Салтанатты рәсім барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза болған әскери қызметшілерге үнсіздікпен құрмет көрсетілді. Туған-туысқандары үшін жауынгерлердің осы рәсімге қатысуы мен моральдық қолдауы ең маңызды болды. 

Оқиға орын алған сәттен бастап Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша туған-туысқандарымен тығыз қарым-қатынас орнатылуда. Ұдайы түрде қажетті психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсетілуде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдер іске асырылуда. Одан басқа, Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша гарнизон бастықтары мен Әскери-әуе күштері авиациялық базаларының командирлері қаза болған ұшқыштардың отбасыларына шефтілікті ұйымдастырды және бұл қатысу бір реттік іс-шара болмайды.

Әскери қызметшілердің қазасы – бұл олардың жақындары мен туысқандары үшін ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан Қарулы Күштері үшін орны толмас қайғы. Қаза болғандардың туысқандарына алғыс айту сөзінде Қорғаныс министрі "Біз оларды мақтан тұтамыз, әскери іс пен Отанға деген адалдықтарын мақтан етеміз, қаза болғандардың отбасыларымен бірге орны толмас қайғыларына ортақпыз.  Осындай ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарға мың тағзым".

Ел Президентінің Жарлығымен қаза болған әскери қызметшілер әскери қызметтік міндетті үлгілі орындағаны, ерліктері мен жанқиярлықтары үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталғанын айта кетейік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу