Әскери дәрігерлердің шағымы бойынша тексеру басталды

557

Әскери госпитальдің мамандары пандемия кезінде төленетін үстемақыны алмаған.

Әскери дәрігерлердің шағымы бойынша тексеру басталды

Алматы әскери госпиталінің азаматтық персонал өкілдерінің 16 шілдедегі шағымына Қорғаныс министрлігі ресми жауап қатты. Ведомствоның мәліметіне сенсек, барлық тиісті үстемақылар уақытында аударылған. Тек ол ақша тиісті адресаттарға жетпеуі мүмкін.

"Қорғаныс министрлігі қолданыстағы заңнамада көзделген барлық міндеттемелерді орындайды және инфекциямен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу мәселесін шешумен айналысады. Бұл Қорғаныс министрлігіне ғана байланысты мәселе емес және оны шешу уақытты талап етері сөзсіз. Қарулы Күштердің азаматтық қызметкерлерінің құқықтары бұзылған болса, кінәлілер жауапқа тартылады. Заң бойынша тиесілі барлық үстемеақы уақытында төленген", – деп жазылған министрліктің ресми сайтында.

Енді министрлік алматылық мамандардың шағымы негізінде тексеру жүргізбекші.

"Кіші медперсоналдар айтқан тұрғылықты жер, тамақтану, жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету, демалысты ұйымдастыру және тұрмыс жағдайына қатысты барлық шағымдар бойынша қызметтік тексеру басталды. Аталған мәселелер әскери ведомстваның ғана құзіретіне кірмейді, олардың бірқатарын жергілікті атқарушы органдары жүргізуге тиіс. Елге төнген қауіппен күресіп, бір жұдырық болып жұмылып  жатқан кезде қызметтік міндеттерді орындауды тоқтатуға туралы құқық шеңберінен тыс талаптарды қозғау барлық санаттағы азаматтар, әсіресе Қарулы Күштердің қызметкерлері үшін жол беруге болмайды деп санаймыз", – деп жазылған ресми мәліметте.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу